«ҚазМұнайГаз» 2022 жылы 1,3 трлн теңге таза пайда тапқан

Жарияланды (жаңартылды )
"ҚазМұнайГаз" АҚ
«ҚазМұнайГаз» АҚ 2022 жылғы қаржы есебін жариялады. Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаздың» шоғырландырылған таза пайдасы 2022 жылы 2,4%-ға өсіп, 2,9 млрд долларды құраған. Бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» 2022 жылдың қаржы есебін жариялады.

«Компанияның таза пайдасы бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестерді ескергенде 2,4%-ға ұлғайып, 1 317 млрд теңгені (2 858 млн АҚШ доллары) құрады» делінген компания хабарламасында.

Бұл ретте түсім 6,5 трлн теңгемен (15 161 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 34,5%-ға ұлғайып, 8,7 трлн теңгеге (18 845 млн АҚШ доллары) жеткен.

ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығынды  есептемегенде бос ақша ағымы 2021 жылдағы 756 млрд теңгемен (1 774 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 116 млрд теңгені (2 421 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл ретте ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының үлесін сатып алуға жұмсалған шығында қосқанда жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы   минус 82 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 110,9%-ға төмен болды. Көрсеткіштің теріс мәніне Қашағандағы үлесті сатып алуға жұмсалған шығын себеп болған.

2022 жылғы 15 қыркүйекте компания ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы өз үлесін 50%-дан 100%-ға дейін арттырды. ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы Қашаған жобасында 16,88% иелік етеді.

«Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесі ҚМГ шоғырландырылған қаржы есептілігінде үлестік әдіспен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға салынған инвестиция ретінде көрсетілді, бұл ҚМГ таза активтеріндегі 50% үлесті ғана ҚМГ Қашаған Б.В. шоғырландырылған активтеріне және ҚМГ таза пайдасындағы 50% үлесті ҚМГ Қашаған Б.В. кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепке қосуды білдіреді», делінген есепте.

Компанияның 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3, 8 трлн теңгемен (8 676 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4,1 трлн теңгені (8 956 млн АҚШ доллары) құраған.

2022 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған ақша қаражаты, ақша қаражатының баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 13,5%-ға өсіп, 2 000 млрд теңгеге (4 323 млн АҚШ доллары) жеткен. Доллар түрінде осы көрсеткіш те 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы 4 082 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі сомамен салыстырғанда 5,9%-ға артып, 4 323 млн АҚШ долларын құрады.

Көрсеткіш атауыӨлшем бірл.2022 2021%
Мұнай, Dated Brent[3]$/барр.101,3270,91+42,9%
Мұнай, Dated Urals3$/барр.76,8769,23+11,0%
Мұнай, KEBCO3$/барр.77,2
Орташа бағамтеңге/ АҚШдолл.460,93426,06+8,2%
Түсіммлрд теңге8 6866 459+34,5%
Бірлесіп бақыланатынкәсіпорындар менқауымдасқан компанияларкірісіндегі үлесімлрд теңге991680+45,7%
Бірлесіп бақыланатынкәсіпорындар менқауымдасқанкомпаниялардан алынғандивидендмлрд теңге462415+11,3%
Таза пайдамлрд теңге1 3171 287+2,4%
Бірлескен бақыланатынкәсіпорындар менқауымдасқанкомпаниялардағы үлескетүзетілген таза пайдамлрд теңге7881 022-22,8%
EBITDA[4]млрд теңге2 5382 015+25,9%
EBITDA түзетілгенкөрсеткіші[5]млрд теңге2 0091 750+14,8%
Күрделі шығындар (есептеуәдісі бойынша)млрд теңге535472+13,4%
Күрделі шығындар (кассалықәдіс бойынша)млрд теңге451454-0,5%
Бос ақша ағымы[6]млрд теңге1 11675647,7%
Бос ақша ағымы (дивидендсаясаты бойынша) [7]млрд теңге-82756-110,9%
Жалпы қарыз[8]млрд теңге4 1433 746+10,6%
Таза қарыз[9]млрд теңге2 1431 984+8,0%
Сондай-ақ оқыңыз