Қор нарығын қадағалау саясатына өзгеріс енгізіледі

Жарияланды
Қор нарығы қалай қадағаланады? Фото: .kursiv.media

ҚНРДА биыл қор нарығындағы алаяқтықтың алдын алуға баса назар аударып, осы бағытта қолданылып жүрген тәсілдерді жаңартпақ. 2023 жылы халықаралық тәжірибені талдау негізінде инсайдерлердің қатысуымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты есепке алу және ашу тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылармен (БҚНКҚ) өткен кездесуде айтылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы реттеуші БҚНКҚ және зейнетақы активтерін басқарушылардың қызметін қадағалауды күшейту және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырмақ. Оның ішінде операциялардың жаңа түрлеріне мониторинг жүргізу және талдау, өкілдіктер институтын енгізу, процестерді автоматтандыру және үздік халықаралық практикаларды зерделеу бар.

Қазіргідей қор нарығы құбылып тұрған шақта, кәсіби қатысушылардың қаржы орнықтылығын талдау мен теріс нарық қысымына төзімділігін бағалау үшін былтыр VaR статистикалық модельдері негізінде стресс-тестілеу жүргізілген.

Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының техникалық көмегімен Risk Assessment and Supervision System әдістемесі бойынша  тұрақты түрде БҚНКҚ-ны қадағалап бағалау жетілдірілді.

Тәуекелдерді азайту мақсатында тепе-тең реттеу қағидатын ескере отырып, БҚНКҚ-ны қадағалаудың халықаралық стандарттарына көшкен.

Бағалы қағаздар нарығы қатысушылары үшін лицензия алуға қойылатын талаптар, атап айтқанда лицензиаттардың жарғылық капиталының мөлшері және заңды тұлғалардың жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында лицензия алу мүмкіндігі азайтылды, бұл қатысушылар санының және нарықтағы бәсекелестіктің артуына ықпал ететін болады.

2022 жылы акциялар нарығын капиталдандыру 26,4%-ға төмендеп, 21,2 трлн теңгені немесе ІЖӨ-нің 22%-ын құрады. Айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 6,3%-ға азайды және 14,4 трлн теңгені немесе ІЖӨ-нің 15%-ын құрады. Бұл ретте, халықтың және қазақстандық компаниялардың тарапынан бағалы қағаздар нарығына деген қызығушылықтың артуы байқалды.

2022 жылы инвесторлардың Орталық депозитарийдегі ашық шоттарының саны 149,3%-ға артып, 2023 жылы 550,2 мыңды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз