Қаржы министрлігі азаматтар қандай жағдайда банкроттықты қолдана алмайтынын жария етті
Жарияланды
Қаржы министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша соттан тыс рәсімі арқылы берілген өтініштер, 15 наурызда сағат 12:00 жағдай бойынша, 20 мыңнан асты.
Алдын ала жүргізілген тексеру, жекелеген азаматтардың келесі себептермен банкроттықты қолдана алмайтынын көрсетті:
- 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені;
- борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы;
- банк не Микроқаржы ұйымдары тарапынан реттеу рәсімін жүргізу туралы құжаттың болмауы;
- дара кәсіпкер ретінде тіркелуі;
- атаулы әлеуметтік көмекті 6 айдан аз мерзім алуы.
Қаржы министрлігі мұндай азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберілетінін ескертеді.
Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуіне болады.
Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығына өтініш беру 3 наурыз күні басталған болатын.