Экологиялық апат: Тобыл өзенінің түбін снарядпен жарып, құм қазғандар ұсталды

Тобыл өзенінің арнасынан 719 млн теңгенің шағылын заңсыз қазғандар ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі осы іс бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу мәліметінше, «СТС-Цемент» ЖШС басшысы Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауынан рұқсат етілген аумақтан тыс жерде құм шағыл қазған. Шикізат өндіру үшін өзен түбінде екі жер снарядын жарған.
Ол 719 миллион теңгеге 113 мың текше метрден астам өнімді көзтаныс компанияларға сатып отырған.
Тергеу өкілдерінің пайымдауынша, бұл заңсыз жұмыстар өзен арнасының өзгеруі, жағалаудың бұзылуы және гидрологиялық режимнің бұзылуына әкеп соқтырған.
Сот күдіктінің мүлкін, соның ішінде 12 автокөлігі, 10 жер телімі мен тұрғын емес ғимаратын бұғат салған. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Adata дерегіне сәйкес, «СТС-Цемент» компаниясы Бисенов Ерсайынға тиесілі. Алайда Ерсайын Бисенов өзіне қатысты іс заңсыз қозғалған деген пікірде.
Бизнесмен істің әділ әрі объективті қаралуын сұрады. Оның өкілі Талғатжан Белисаровтың айтуынша, бұл жағдайға құм өндіру кезінде жұмысшылардың бөлінген аумақтан сәл ғана тыс шығып кетуі себеп болған.
Дегенмен журналист Михаил Козачков Табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеріс материалдарына сүйеніп, жағдайдың мүлдем басқаша екенін алға тартады. Мәліметтерге сәйкес, «СТС-Цемент» ЖШС 15 жылдан астам уақыт бұрын Қостанай облысындағы «Давыденковское-1» кен орнында құм өндіруге құқық алған. Келісімшарт бойынша құм тек карьерлік әдіспен өндірілуге тиіс еді.
Алайда прокурорлар тексеру барысында құмның тек бөлінген аумақта емес, Тобыл өзенінің түбінен де өндірілгенін анықтады. Жер снарядтарды қолдану салдарынан өзен арнасы 300-400 метрге дейін бұзылып, кейбір тұстарда өзен ені 17-50 метрден 150 метрге дейін кеңейіп кеткен. Сондай-ақ жер бедері айтарлықтай өзгеріп, аумақта суға толған шұңқырлар пайда болған.