Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жарияланды

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет жеке кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Бұл туралы POLISIA.KZ сайты хабарлады.

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз