Енді банк деректемелерін онлайн өзгертуге болады

Жарияланды
Фото:БЖЗҚ Аскар Ахметуллин

Жеке кабинетте банк деректемелерін өзгертуге өтініш беру мүмкіндігі пайда болды. БЖЗҚ сайтында қызметті пайдалану үшін Жеке кабинетіңіздегі «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Деректемелерге/банк деректемелеріне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу» таңдаңыз. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Өтініш беру 3 кезеңнен тұрады:

 Жеке зейнетақы шотын таңдаңыз;

 «Төлемдер» бөлімінде зейнетақы төлемінің түрі, аймақ, төлем түрі, кезеңділігін көрсетіңіз;

 Соңғы өріске бұрынғы және жаңа банк деректемелерін енгізіп, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Банк деректемелерін сәтті өзгерткеннен кейін «Менің төлемдер/аударымдар бойынша өтініштерім» қызметінде «Банк деректемелерін өзгертуге өтініш» көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз