Димаш Құдайберген алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды

Жарияланды
Димаш Кудайберген

Freedom Mobile компаниясы Алматы тұрғындары мен қонақтарын әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтетін іс-шараға шақырады.

OPPO жаңа флагман  — OPPO Reno8 T сериясын шығарды. Осыған орай 22 наурыз күні бренд амбассадоры, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Алматыда өнер көрсетеді. Ол баршаны Наурыз мейрамымен құттықтап, OPPO Reno8 T Series жарнамалық науқаны аясында өзі түскен шағын фильмді ұсынады. Айта кетейік, OPPO-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы  — Freedom Mobile.

Іс-шараға қатысқандар Қазақстанның 31 қаласындағы Freedom Mobile-дың 126 дүкенінен осы сериядағы екі смартфонның біреуі – OPPO Reno8 T немесе OPPO Reno8 T 5G сатып ала алады. 24 айға бөліп төлеу де қарастырылған.

Бағдарламада ұтыс ойындары ойнатылады, соның ішінде танымал қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен OPPO бірлесе жасаған сәндік аксессуарлар салынған сыйлық қораптары болады. Сонымен қатар, фотоаймақта суретке түсу, Димаш жанкүйерлерінің нетворкингі ұйымдастырылып, іс-шараның хедлайнері – Ұлытау тобы өнер көрсетеді.

Іс-шара Grand Ballroom Royal Tulip залында (Алматы қ., Оспанов к-сі, 401) 22 наурызда, сағат 15.00-де басталады. Шараға шақыру билеті қажет, қонақтар тізіммен кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз