Жаңалықтар

Қазақстан Баку-Тбилиси-Джейхан құбырына жылына 1,5 млн тонна мұнай жөнелтпек

Фото: Kursiv.media

Қазақстан наурыз айында Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша тасымалдау үшін Әзірбайжанға мұнай жөнелтуді бастайды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басқарма басшысының тасымалдау жөніндегі орынбасары Болат Закиров мәлімдеді.

«Өткен жылдың соңында біз Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік-ұлттық компаниясымен жылына 1,5 млн тонна көлемінде мұнай тасымалдау туралы келісімге қол қойдық. Осы келісім-шарттың аясында Теңіз мұнайын тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Осы айда бұл бағыт бойынша жөнелтуді бастамақпыз», деді Закиров ҚазМұнайГаздың онлайн конференциясында.