Илон Маск ғарышқа ерекше ғарыш кемесін ұшырмақ

Жарияланды

Илон Маск ғарышқа ғарыш кемесін ұшырмақ. Starship зымыраны Марс пен Айға сапарламақ. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

SpaceX компаниясы қондырғыны сәуірде ұшыруды жоспарлап отыр. Негізі ғарыш кемесінің көкке самғауы ертерек ұшуы тиіс еді. Мәлімдемеге сәйкес АҚШ-тың Федералды авиациясы әкімшілігіне қатысты құжат кешігіп, бұл жұмыс сәуірдің аяғына қалды. Америкалық кәсіпкер Starship кемесін әуелде ғарышқа ұшырып, кейін Марсқа және Айға адам тасу үшін пайдалануды көздеп отыр.

Бұған дейін Маск қызыл планетаға кеме жіберуді алдағы 10 жылда, яғни 2028 және 2033 жылдары жүзеге асыратынын мәлім еткен болатын.



Сондай-ақ оқыңыз