
Ұлыбритания мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік мақсатында жұмыс телефондары мен құрылғыларында TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» BBC News-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ұлыбритания билігі Қытай үкіметі телефондарда сақталған құпия деректерге қол жеткізе алады деп қорқады.
Tik tok пайдаланушы деректерін Қытай үкіметіне береді деген айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Еуропадағы үкіметпен байланыс және қоғамдық саясат жөніндегі қосымшаның вице-президенті Тео Бертрамның пікірінше, бұл шешім «бәрінен гөрі геосаясатқа негізделген»деп мәлімдеді.
CNN хабарлағандай, Жаңа Зеландия сонымен қатар жергілікті парламент мүшелеріне осы айдың соңына дейін барлық құрылғыларда TikTok-ты қосымшасын пайдалануға тыйым салды.