Алдын-ала мәлімет бойынша сайлаушылардың 54,19%-ы дауыс берді

Жарияланды

Фото: Kursiv.media

Алдын-ала дерек бойынша Мәжіліс пен Мәслихат сайлауында сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берді. 19 наурыз күнгі Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына орай еліміздегі ашылған барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталған соң, яғни кешкі 22.10-да, Орталық сайлау комиссиясы республика бойынша дауыс берушілердің белсенділігіне қатысты алдын-ала нәтижелерді жариялады. Оған сәйкес, Ең белсенді сайлаушылар Қызылорда облысында тұрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров хабарлады.
Сағат 22:00-дегі алдын ала ақпарат бойынша, өңірлер бойынша сайлауға қатысқан азаматтар үлесі:
Абай облысы – 57,02%
Ақмола облысы – 60,1%
Ақтөбе облысы – 58%
Алматы облысы – 60,03%
Атырау облысы – 51,23%
Батыс Қазақстан облысы – 59,20%
Жамбыл облысы – 65,21%
Жетісу облысы – 55,32%
Қарағанды облысы – 59,48%
Қостанай облысы – 65,10%
Қызылорда облысы – 67,21%
Маңғыстау облысы – 54,10%
Павлодар облысы – 58,68%
Солтүстік Қазақстан облысы – 65,25%
Түркістан облысы – 53,01%
Ұлытау облысы – 58,99%
Шығыс Қазақстан облысы – 64,15%
Астана қаласы – 42,91%
Алматы қаласы – 25,82%
Шымкент қаласы – 45,46%.
22:00-дегі ақпарат бойынша ел бойынша 6 521 860 адам дауыс беруге барды.
Нақтыланған деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 млн 35 мың 4 адамның дауыс беруге құқығы бар.

Сондай-ақ оқыңыз