Жаңалықтар

Черногорияда Президент сайлауы өтіп жатыр

Чероногорияда да сайлау өтіп жатыр. Фото: kursiv.media

Черногорияда президент сайлауы өтіп жатыр. Халық мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидаттың бірін таңдауы керек, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Қазіргі мемлекет басшысы, Социалисттер демократиялық партиясының жетекшісі Мило Джуканович, «Жаңа серб демократиясы» партияларының жетекшілері Андрия Мандич, «Біріккен Черногория» партиясының өкілі Горан Данилович, «Демократиялық Черногория» кандидаты Алекса Бечич, Черногория социал-демократиялық партиясының бұрынғы жетекшісі Драгина Вуксанович-Станкович, еуропашыл экономист Яков Милатович пен тәуелсіз видеоблогер Йован Радулович сайлауға түсіп жатыр.

Дауыс беруге елдің 542 мың азаматы қатыса алады. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген кандидат Президент болып сайланады. Үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздық шекті еңсермесе, 2 сәуірде дауыс берудің екінші кезеңі өтеді. Оған бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады.

Сарапшылар экономист Милатовичтің екінші турға өту мүмкіндігі жоғары деп есептейді. Ол өз сөзінде Джуканович пен оның партиясын жемқорлықпен айыптап, оның биліктен кетуі Черногорияны алға жылжыту үшін қажет деп мәлімдейді.