Тоқаев мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Жарияланды
Мемлекет басшысы дауыс берді. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде таңертең дауыс берген. Бұл жолы Тоқаев БАҚ өкілдерімен кездеспеген. Әдетте сайлау кезінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылатын. Бұл жолы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мемлекет басшысының жұмыс кестесі тығыз болған.

Фото: Ақорда

Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз