Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Ардақ Назаров. Бір мандатты округтерден Мәжіліске кімдер өтті?

Жарияланды

Астана қаласы бойынша өтті:
Дәулет Тұрлыханов — 71 698 дауыс;
Дәулет Мұқаев — 51 769 дауыс.

Алматы қаласы бойынша өтті:
Ермұрат Бапи — 23 690 дауыс;
Ерлан Стамбеков —15 930 дауыс;
Бақытжан Базарбек — 22 685 дауыс.

Шымкент қаласы бойынша өтті:
Данабек Исабеков — 21 098 дауыс;
Болатбек Нәжмединұлы — 19 851 дауыс.

Облыстарға келсек,
Абай облысында сайлау бюллетеніне жеті кандидаттың аты-жөні енгізілген. Ішінде Нұртай Сабильяновқа 131 872 адам дауыс берген.

Ақмола облысында Айна Мысырәлімова 154 587 дауыс жинады.

Ақтөбе облысында Қазыбек Әбішевке 230 195 дауыс берілсе, Алматы облысында Ардақ Назаров 122 242 дауыс және Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс жинаған.

Атырау облысында Әділ Жұбановқа 107 973 дауыс берілді.

Батыс Қазақстан облысында Абзал Құспан — 126 784 дауыс жинаған.

Жамбыл облысында Мұқаш Искандировқа 99 021 дауыс және Гүлдана Нұрымоваға 190 078 дауыс берген.

Жетісу облысында Руслан Қожасбаев — 132 678 дауыс берілді. Қарағанды облысында Құдайберген Бексұлтановқа 132 471 дауыс және Арман Қалықовқа 145 228 дауыс берілген.

Қостанай облысында Еркін Әбіл 192 175 адам дауыс берді.

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы бойынша 148 646 дауыс жинаған.

Маңғыстау облысында Еділ Жаңбыршин 117 880 дауыс жинаса, Павлодар облысында Жарқынбек Амантай 168 625 дауыс алды.

Солтүстік Қазақстан облысында Еркебұлан Мәмбетов 153 736 дауыс жинаған.

Түркістан облысында Қайрат Балабиевке 142 595 дауыс және Ұласбек Сәдібековке 92 445 дауыс, Темір Қырықбаевқа 117 584 дауыс берілді.

Ұлытау облысы бойынша Ерболат Сатыбалдин кандидаттар арасында ең көп дауыс жинаған. Оған 44 406 адам дауыс берген. ШҚО-да Лұқбек Тұмашиновқа 165 596 адам дауыс берген.

Сондай-ақ оқыңыз