Қазақстан кемсіту индексі төмен ел деп танылды

Жарияланды
кемсіту
Қазақстанда гендерлік кемсіту бар ма? Фото: shutterstock.com

SIGI индексі бойынша Қазақстан кемсіту деңгейі төмен ел деп бағаланды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлайды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) бесінші басылымын жариялаған.

2019 жылы да рейтинг 22% болған. 2023 жылы SIGI индексінің «Отбасындағы кемсітушілік деңгейі» субиндексі бойынша Қазақстанның позициясы 15%-ға (2019 жылы – 22%) айтарлықтай жақсарған.

Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл – жақсы көрсеткіш, себебі Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіш 22%-ды құрап отыр.

«Жалпы, зерттеуге, барлығы 179 ел қатысқан. 2023 жылғы SIGI деректер базасы саясаткерлер мен мамандарға әлемде қыздар мен әйелдерге қатысты кемсітушілік деңгейі қай өңірде тұрақты екенін және қоғамда кемсітушілікке жол ашатын заңдармен, нормалармен, сондай-ақ тәжірибелермен күресудің бастапқы жолдарын анықтауға мүмкіндік бермек», делінген хабарламада.

Былтыр Қазақстан гендерлік алшақтық деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде 145 елдің ішінен 65-орынға ие болған.

Сондай-ақ оқыңыз