Жаңалықтар

Қазақстаннан заңсыз шығарылған 676 млрд теңге Қытай, БАӘ мен Австриядан қайтарылды

Шетелден 676 млрд теңге қайтарылған. Фото: shutterstock.com

Қазақстан елден заңсыз шығарылған 676 млрд теңгені қайтарып алды. Бас прокуратура ақша қай елдерден қайтарылғанын айтты, деп жазады LS сайты.

Мемлекеттік орган мәліметінше, бүгінде ведомствоаралық комиссияның жұмысы нәтижесінде дүние-мүлік, оның ішінде мемлекетке 676 млрд теңге қайтарылған. Төрт шетелдік юрисдикциядан 500 миллион доллардан астам қаражат түсті. Бұл қаржы Біріккен Араб Әмірліктері, Австрия, Қытай, Лихтенштейн елдерінен қайтарылды.

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бірқатар қылмыстық істерді, оның ішінде экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыру және активтерді шығару белгілері бар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша тергеп жатыр», – деп хабарлады Бас прокуратура.