«KTZ Express» АҚ мен «Славтранс-Сервис» АҚ арасында контейнерлік тасымалдарды дамыту және жүктердің қосымша көлемін тарту бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай, Каспий бассейні мен ТМД елдері нарығында ауыл шаруашылығы жүктерін мультимодальды жеделдетіп тасымалдауды дамытуға; Солтүстік – Оңтүстік дәлізін нығайтуға ықпал ететін болады.Сондай-ақ, Келісім шеңберінде Қазақстан – Ресей (Мәскеу торабы), Қырғызстан – Ресей (Мәскеу торабы) бағыттары бойынша контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру жоспарлануда.