Жаңалықтар

Елордада студенттер арасында туберкулез жұқтыру көрсеткіші артқан

Астаналық маман студенттер арасында туберкулез дертінің өсуіне алаңдаушылық танытып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жоғары оқу және орта арнаулы кәсіптік білім беру орындарында студенттер арасында туберкулезбен сырқаттану жағдайы алаңдатады. Өткен жылы студенттер арасында туберкулез инфекциясын жұқтыру 37 жағдайы тіркелді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13 жағдайға жоғары. Студенттердің туберкулезге шалдығуының негізгі себептері – медициналық көмекке уақтылы жүгінбеу, денсаулыққа немқұрайды қарау», – деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.