Жаңалықтар

Риддерде төтенше жағдай: қаладағы ЖЭО-ны басқаруды Даниал Ахметов қолға алды

Риддер ЖЭО-сын коммуналдық меншікке өтуі мүмкін. Даниал Ахметов жарилаған видеодан скрин.

Риддер қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған ЖЭО-да болған апат себеп. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

«Қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді… Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өз қолымызға алуға мәжбүрміз», деп жазды облыс әкімі  Instagram парақшасында

Оның айтуынша, өткен кезеңде 3 миллиард теңгеден астам берешек қалыптасып, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болған. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компаниялардың жұмысшыларына еңбекақы әлі төленбеген. Барлығы жұмыс процесінде 67 сыну тіркелді. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаң шашылып кеткен.

«Тығырықтан шығар жалғыз жол – Риддер ЖЭО-сын коммуналдық меншікке сатып алу, біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз» , деді Даниал Ахметов.

23 наурызда сағат 07.50-де Риддер ЖЭО-сында жарылыс болып, № 6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 м. шаршы метр қоршау құрылымын қиратқан.

Ал, Бас прокуратура «Риддер ЖЭО» АҚ-на 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынғанын хабарлады. Аталған компания жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн.теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залалды өтеген.