Риддер ЖЭО-да жарылыс болды

Жарияланды
тэц
Қазір Риддер ЖЭО аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Фото: архив Kursiv.media

23 наурызда сағат 07.50-де Риддер ЖЭО № 6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 м. шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13-00-де қалпына келтірілд. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Министрлік дерегінше, Риддерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы аттанған. Комиссия технологиялық бұзушылықты тергеп-тексереді, оның нәтижесі 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.

«Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандықтың 2-і жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу желісінің температурасы 70/46 градус графикте 45/35 градусты құрайды», делінген Энергетика министрлігінің мәліметінде.

Ал, Бас прокуратура «Риддер ЖЭО» АҚ-на 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынғанын хабарлады. Аталған компания жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн.теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залалды өтеген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат болғаны белгілі. Ақпаратқа сәйкес, оның себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізді. Нәтижесінде «Риддер ЖЭО» АҚ – техникалық жай-күйі талапқа сай емес болғаны және заңнаманы бұзудың 240 тан астам фактісі анықталған.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн.теңгеден астам сомада айыппұл салды.

Бұдан басқа, тексеру барысында 548 млн. теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды.  «Риддер ЖЭО» АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18% – ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті, делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз