АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, биыл тағы да ширек бөлік жоғарылуы мүмкін деп хабарлады. Орталық банктің сақтық танытқанына қарамастан, ФРЖ басшысы Джером Пауэлл биыл балақы мөлшерлеме төмендемейтінін растаған. Қаржы министрі Джанет Йеллен «қажет болса билік АҚШ-тың банк жүйесін тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын» екенін айтты. Банк секторы қысымға ұшырап, First Republic, KeyCorp және Comerica акциялары 5%-дан астам құлдырады. Бұл туралы Kase-нің қор нарығына шолуында жазылған.
Бейсенбі күнгі құбылмалы сессияда АҚШ индекстері жоғары көтерілді. Nasdaq Composite – 1,01%, S&P 500 – 0,3% және Dow Jones 0,23% қымбаттады. Технологиялық компаниялардың акциялары өсті: Microsoft (2%), Nvidia (2,7%), Meta (2,2%) және Apple (0,7%)
Еуропа қор нарықтары бейсенбі күні ФРЖ, Англия банкі, Швейцария Ұлттық банкі және Норвегия банкінің базалық мөлшерлемені көтеруі салдарынан минусқа кеткен. Nemetschek бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерінің акциялары 15% өсті.
Ал Nikkei 225 жұма күні 0,3%-ға төмендеп, 27 343 тармақты құрады. Жапониядағы инфляция кейінгі 4 жылда күрт төмендеп, инфляциялық қысым азайып және жаһандық экономикалық белсенділіктің баяулағанын байқатты. Наурызда өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының көрсеткіштері жақсарған. Mitsubishi UFJ (-0,6%), Sumitomo Mitsui (-0,5%) және Mizuho Financial (-1%) акциялары арзандаған.
Shanghai Composite жаһандық көңіл-күйдің нашарлауы аясында жұмада 0,6%-ға төмендеп, 3,267-ге жетті. China Telecom (-4,4%), ZTE Corp (-5,3%) және China Mobile (-4,8%) акцияары күрт құлдырап кетті.
Мәскеу биржасының индексі бейсенбі күні 0,23%-ға төмендеп, 2388,35-ке жетті.