Жаңалықтар

Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы турнирдегі жанжал туралы түсініктеме берді

шахматы

Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 25 наурызда гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің Үндістандағы Гран-придегі әрекетін сынға алды. Асаубаеваның айтуынша, Әбдімәлік турнирдегі ұйымдастырушылар оны дұрыс қарсы алмағандықтан аяқасты кетіп қалған. Ал Жансая өз кезегінде турнирдегі дайындықтың нашар екендігін атап өтті.

 Қазақстан шахмат Федерациясында шахматшылар келіспеушіліктерді реттей алатынына және өз жанкүйерлерін алдағы уақытта жеңістермен қуантатынына сенім білдірді.

Жансая Әбдімәлік турнирден кету туралы шешімін түсіндірді. Оның айтуынша, ол әуежайға таңғы сағат 1:30-да ұшып келген. Бірақ Жансая ұйымдастырушылар өзін дұрыс қарсы алмады деп аяқасты жарысқа қатысудан бас тартқан. Жансая Делидегі турнирдің дайындығын сынға алды.

«Егер турнирге ең жақсы ер ойыншы келсе, оны қарсы алатын ешкім болмайтынын елестете алмаймын», — деді Жансая Әбдімәлік.

Оның айтуынша, турнир кезінде Делиде ауаның ластануы бойынша  проблемалар болған.

 «Қонақ үйден шығу өте қиын болды. Қонақ үй қызметкерлері маған үйден шықпауымды ескертті.  Себебі бұл қауіпті болуы мүмкін еді», — деді ол.

Әбдімәлік Халықаралық шахмат федерациясын әйелдер шахматына көбірек көңіл бөлуге шақырды.

«Мен өз елімнің атынан қашан да мақтанышпен және абыроймен ойнаймын. Үндістандағы Олимпиаданы әлі күнге дейін жылы еске аламын. Бірақ Делиде жасалған жағдай шынымен ақылға қонымсыз болды», – деді Жансая Әбдімәлік.

Қазақстан шахмат Федерациясында титулды шахматшылар бір сәттік келіспеушіліктерді реттей алатынына сенім білдірді.

ФИДЕ ұйымның президенті Аркадий Дворковичтің айтуынша, қосымша координатор белгілейді. Ол толығымен қатысушылардың қарамағында болады және кез келген барлық қосымша шығынға өтемақы ұсынады деді.

Дворкович Нью-Делидегі әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при 11 ойыншының қатысуымен өтеді деп мәлімдеді.

Нью-Делидегі турнир 26 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған болатын.