Банкротқа ұшыраған Silicon Valley банкін First бәсекелес Citizens BancShares банкі сатып алды

Жарияланды

 Банкротқа ұшыраған америкалық Silicon Valley Bank банкінің активтері мен несиелерін бәсекелес First Citizens BancShares банкі сатып алды. Бұл туралы  ВВС агенттігі хабарлады.

Наурыз айының басында Silicon Valley Bank банкінің күйреуі басқа да несие ұйымдарының тұрақтылығына қауіп төндірді. Нәтижесінде бүкіл әлемдегі банктердің акциялары арзандады.

Дүйсенбіде биржалық сауда-саттықта банк секторындағы акциялар өскенімен, нарық әлі де алаңдап тұр.

Банк активтерді сатудан болған шығындарды жабу үшін 2,25 миллиард доллар таба алмады.

Ал банктің толық күйреуіне bank run – клиенттердің қашуы себеп болды. Әртүрлі себептерге байланысты SVB клиенттері өз жинақтарын жаппай ала бастады.

Американдық қаржы реттеушісі Silicon Valley Bank-ті жауып, оның активтерін тәркіледі.

SVB-тің бұрынғы 17 бөлімшесінің бәрі дүйсенбіден бастап First Citizens брендімен ашылады.

SVB клиенттеріне First Citizens Bank-тен шоты толықтай аударылды деген хабарлама келгенге дейін өз бөлімшесінің қызметін пайдалану ұсынылды.

Корпорация SVB банкроттығы өзінің сақтандыру қорына 20 млрд долларға шыққанын мәлімдеді.

SVB банкроттығынан кейін оның британдық бөлімшесін HSBC банкі символикалық бір фунтқа сатып алды.

Сондай-ақ оқыңыз