Binance Грузияда криптовалюта индустриясын дамыту үшін хаб ашады

Жарияланды

Binance криптовалюта биржасы Грузияда өзінің аймақтық хабын ашады. Компания мұндай шешімді жас таланттарды тартуға және аймақта криптовалютаны енгізуді жеделдету үшін қабылдады.

«Біз Грузияда Жаңа Binance блокчейн хабының ашылғанын хабарлаймыз. Біз блокчейн секторындағы ең мықты таланттарды тартуға, осы салада білім беруді ілгерілетуге тырысамыз»,-деп жазды компанияның баспасөз қызметі.

Осыған орай Binance 2023 жылдың соңына қарай жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Қазақстан да Binance-пен тығыз ынтымақтастықта. Қазақстандық криптобиржа бөлімшесінің басшысы Жаслан Мәдиевтің айтуынша, цифрлық теңге бастамасы-CBDC нарықтарын дамытудың ең озық бастамаларының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз