Мәжіліс сайлауының қорытындысы жарияланды. Партиялар қанша мандатқа ие болды?

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының нақты қорытындысын жариялады.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялардың қанша дауыс жинағанын және Мәжілістен қанша мандат иеленетінін мәлім етті. Оның айтуынша, нәтиже төмендегідей:
Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
«Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
«Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% (Мәжіліске өтпеді);
«Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).

Сонымен қатар, сайлаушылардың 3,90%-ығ яғни 248 291-і бәріне қарсы дауыс берген. Барлық дауыс бергендер саны – 6 366 441.

19 наурыз күні елімізде Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау өткені белгілі. Оған саййлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берген еді. Бұдан бұрын сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, Мәжіліске 5 пайыздан көп дауыс жинаған алты партия өткені хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз