Илон Маск сатып алғалы бері Twitter құны екі есе арзандады

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

Америкалық Twitter Inc қызметкерлері компания акциялары түрінде өтемақы алатын болды. Оның құны 20 миллиард долларға бағаланған компания құнына сәйкес келеді. Бұл туралы The Wall Street Journal Илон Масктың қызметкерлерге жазған хатына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Қызметкерлерге жазған хатында Маск «Мен 250 миллиардтан асатын бағаға жеткізер қиын да болса айқын жол көріп тұрмын» деген. Былтыр ол компанияны 44 миллиард долларға сатып алған.

Масктың айтуынша, Twitter тез өзгеріп жатыр. Әлеуметтік желі иесі бұндай өзгерістер банкроттықтың алдын алу үшін қажет дейді.

Компания құнының 20 млрд долларға дейін төмендеуі желінің меншік иесі ауысқаннан кейін тап болған проблемаларын көрсетеді, деп жазады WSJ. Көптеген ірі жарнама берушілер Twitter-мен серіктестігін тоқтатып, осылайша оның негізгі табыс көзіне қауіп төнген.

Twitter-ді сатып алуға қатысқан Fidelity басқарушы компаниясы 2022 жылдың қарашасында акцияларының баланстық құнын 56%-ға төмендетті.

Бұған қоса, жұма күні Twitter платформаның бастапқы кодының бір бөлігі сыртқа жария болып кеткенін хабарлаған. Газеттің хабарлауынша, бұл желі қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз