Жаңалықтар

Lululemon, Micron және Walgreens Boots Alliance осы аптада тоқсандық есеп береді

Фото: Shutterstock

Lululemon, Micron және Walgreens Boots Alliance осы аптаның ішінде қаржылық нәтижелерін бөліседі. Сонымен қатар, АҚШ-тың Экономикалық талдау бюросы (BEA) Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсіміне беретін соңғы бағасын жариялайды. Бұл туралы Barron’s хабарлайды.

Наурыздың 28-і сейсенбі күні канадалық спорт киімін сатушы Lululemon Athletica, микрочип өндірушісі Micron Technology, дәріханалар желісі Walgreens Boots Alliance және McCormick тоқсандық есеп береді.

Наурыздың 29-ы АҚШтың банк секторының реттеушілері Silicon Valley Bank пен Signature Bank банкроттығы туралы сөйлесу үшін жиналады.

Сонымен қатар, бұл күні тоқсандық есептерін Cintas пен Paychex талқыламақ.

Ал 30 наурызда болатын ең басты оқиға – АҚШ-тың Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсіміне Экономикалық талдау бюросының беретін үшінші бағасы болмақ. Сарапшылардың болжамы бойынша, Америка құрама штаттарының экономикасы төртінші тоқсанда 2,7%-ға өсті.

Наурыздың 31-і АҚШтың Экономикалық талдау бюросы ақпан айында кіріс пен шығыс туралы ақпаратын жариялайды. Өткен айда бұл көрсеткіштер 0,6% мен 1,8%-ға ұлғайды деп болжайды сарапшылар.