Amanat, Ауыл, ЖСДП және Respubliсa-ның партиялық тізімінде кімдер бар?

Жарияланды

Фото: партияның телеграмм арнасынан


ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялаған соң, әр партия Мәжіліс депутаты мандатына бекітілген орындар боынша кандидаттарын ұсына бастады. Біз бұған дейін «Ақ жол» және «Халық» партияларынан өткен депутаттар тізімін берген едік. Ал қалған төрт партиядан өткен депутаттар тізімі төмендегідей.

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Партияның 40 депутаты мандатқа ие болды.

Олар: Мұрат Әбенов, Берік Бейсенғалиев, Ерлан Қошанов, Айдос Сарым, Ерлан Әбдиев, Наталья Дементьева, Айгүл Құспан, Нартай Аралбай, Константин Авершин, Ғалымжан Елеуов, Кучинская Юлия, Бауыржан Смағұлов, Тілектес Адамбеков, Мұрат Ергешбаев, Самат Мұсабаев, Екатерина Смышляева, Асхат Аймағанбетов, Ринат Зайытов, Самат Нұртаза, Жұлдыз Сүлейменова, Нұржан Әшімбетов, Снежанна Имашева, Сергей Понамарев, Мәди Тақиев, Жанарбек Әшімжан, Бақытқожа Ізмұхамбетов, Альберт Рау, Аманжол Әлтай, Мақсат Толықбай, Павел Казанцев, Максим Рожин, Дүйсенбай Тұрғанов, Марат Башимов, Болат Керімбек, Татьяна Савельева, Шапак Унзила, Елнұр Бейсенбаев, Ерлан Саиров, Колода Дмитрий, Никита Шаталов.

Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді.

Олар:

  1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы,
  2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі,
  3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті,
  4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары,
  5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті,
  6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары,
  7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры,
  8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы.

Дүйсенбі кешке Respublica партиясы да партиялық тізімін жария еткен болатын. Айта кету керек, жаңадан құрылғанына қарамастан бұл ұйым, 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болған еді.

Кандидаттар тізімі мынадай: Айдарбек Қожаназаров, Динара Шүкіжанова, Руслан Берденов, Динара Наумова, Нұргүл Тау, Олжас Құспеков.

Ал сайлауда 5,20% дауыс жинаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4 мандатқа ие болды. Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді: Нұрлан Әуесбаев, Асхат Рахымжанов, Ажар Сағандықова, Наурыз Сайлаубай.

Сондай-ақ оқыңыз