Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция 19% өскен

Жарияланды
инвестиция
Инвестиция көлемі артқан. Фото: shutterstock.com

2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Оның 53%-ы ірі кәсіпорындарға тиесілі, деп жазады Экономикалық зерттеулер институты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көзі – инвесторлардың меншікті қаражаты. Ол жалпы инвестицияның 82 пайызын, яғни 1,3 трлн теңгені құрады.

Ал бюджеттен түскен қаражат көлемі 135 млрд. теңге болған. Бұл ретте Жетісу (43%), Түркістан (35%) және Шығыс Қазақстан (30%) облыстарындағы инвестиция құрылымында бюджет қаражатының үлесі басым екені байқалады.

Инвестиция көлемі бойынша аймақтар арасында Атырау облысы әлі де көш бастап тұр – 424 млрд теңге немесе жалпы инвестиция көлемінің 26%-ын құрады. Бұл ретте олардың 89% тау-кен өндіру саласына жіберілді.

Көшбасшылар бестігіне Алматы (149 млрд), Астана (122 млрд), Маңғыстау (109 млрд) және Ақмола (103 млрд) облыстары кірген.

Ал ең аз инвестиция Ұлытау және Жетісу облыстарында тіркеліп, 17,1 млрд пен 16,7 млрд. теңгені құрады. Бұз крсеткіш жалпы инвестиция көлемінің 1 пайызы ғана.

Айта кетейік, еліміздің 19 өңірінде капитал салымдары өскен.

Салалар бойынша алсақ, инвестицияның басым бөлігі тау-кен секторы (39%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (21%) және көлік, қоймалау (10%) салаларына салынған.

Осылайша, сарапшылар инвестициялардың оң динамикасын атап өтеді. Себебі былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты өсім 19% құрады. Дегенмен, инвестициялардың салалық құрылымы, сондай-ақ олардың өңірлік бөлінуі өзгеріссіз қалып отыр.

Қаңтар айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 755,1 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыз