Жаңалықтар

Жеке куәлік, техпаспорт пен жүргізуші куәлігін электронды әмиянға салып қоюға болады

Құжаттардың цифрлық нұсқасын Apple Wallet пен G-pay әмияндарына жүктеуге боладыү Фото: shutterstock.com

Қазақстандықтар Apple немесе Google электрондық әмияндарына құжаттарының цифрлық нұсқасын жүктеп, басқа қолданбаларды ашпай-ақ, әртүрлі қызмет ала алады. Аталмыш қызметті Freedom Bank ҚР ЦДИАӨМ, Ішкі істер министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығымен бірлеме отырып қосқан. Бұл туралы қаржы ұйымы таратқан хабарламада жазылған.

Freedom Bank бұл қызметті азаматтар банк клиенті болмаса да қолдана алатынын айтады. Цифрлық құжат көмегімен халыққа қызмет көрсету орталығы, нотариустардан қызмет алуға, ішкі рейстерге тіркелуге, республика бойынша теміржол билеттерін сатып алуға болады.

«Банк клиенті болмаса да, қосымшаны жүктеп, оған кірмей-ақ цифрлық құжатты пайдалана алатын мүмкіндікті алғаш рет жүзеге асырып отырмыз. Wallet-ті бір басып ашып, түпнұсқалығы QR көмегімен тексерілетін құжаттарына қол жеткізеді», – деді Freedom Bank директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов.

Цифрлық құжатты онлайн режимінде бірнеше минутта Freedom Bank веб-сайтынан алуға болады. Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет. Сосын телефонға коды бар SMS хабарлама келеді. Осыдан кейін биометрика арқылы бейне сәйкестендіруден өту керек. Сосын құжаттар Apple Wallet немесе G-Pay жүйесіне жүктеледі.

Шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық және қағаз құжатты теңдестіретін заңға қол қойды. Енді мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйеде бар құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Электрондық үкіметтің сервистік моделіне деген көзқарас та қайта қаралды: мемлекет отандық ІТ-компаняларға қолдау көрсете бастады.

Былтыр Freedom Insurance сақтандыру төлемдерін бұрынғыдай 90 күнде емес, 5-7 күнде онлайн өңдеуге мүмкіндік беретін dtp.kz цифрлық платформасын іске қосқан еді.