Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 1 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді. Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек.Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», – деді ол.
Айтуынша, ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі.
«Осы мақсатқа 1 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту қажет екенін айтты.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», – деді президент.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 1 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Сондай-ақ оқыңыз
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Үкімет Өзбекстанды айналып Ауғанстанға бидай тасымалдайтын жол іздеп жатыр
- Оқу уақыты ~ 6 мин. Haval, Geely, Chery, Changan. Қытай көліктерінің артықшылықтары мен кемшіліктері неде
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Әли Әлиев Қазақстан футбол құрамасында қанша жалақы алатынын айтты
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Жастарға жалға берілген пәтерлердің мерзімі аяқталды. Пәтерді алып қалуға бола ма
- Оқу уақыты ~ 6 мин. Чебатков өзінің қазақ екенін қалай сезінді? (видео)
- Оқу уақыты ~ 5 мин. Қазақстанда халал ипотеканы қалай алуға болады?
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Салық реформасының саудагерлерге, дүкен мен кафелерге қатысы жоқ - вице-премьер
- Оқу уақыты ~ 7 мин. 2025 жылы жас отбасыларға арналған ипотекалар
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Қазақстан "Астана" халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жұмсамақ
- Оқу уақыты ~ 9 мин. Zeekr, GAC, Jaecoo: ақпанда Қазақстанда сатылымға шыққан үздік 6 кроссовер
- Оқу уақыты ~ 6 мин. Польшада жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің құрметіне хор құрып, қазақ тілінде ән шырқады (видео)
- Оқу уақыты ~ 9 мин. Жеке швейцар, италиялық жиһаз - Астанадағы ең қымбат пәтерлер қанша тұрады