Жаңалықтар

Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болды

Кошанов переизбрался
Фото: Аскар Ахметуллин

VIII сайланған Мәжілістің бірінші жалпы отырысында Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды.
Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжіліс спикері лауазымына Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.
Депутаттардың барлығы дерлік Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады.
Айта кетейік, 2022 жылдың 1 ақпанында Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің төрағасы болған еді.
Содан кейін Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы қызметіне мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды.

Ал, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарлары ретінде Палата депутаттары Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатураларын қолдады.

Сәрсенбі күнге палатаның алғашқы отырысында Мәжілістегі жеті комитеттің төрағалары да сайланды.
Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті Серік Егізбаев басқарды.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы – Асхат Аймағамбетов;
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Такиев;
Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы – Еділ Жаңбыршин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін Нұртай Сабильянов басқаратын болды