Жаңалықтар

FlyArystan әуе компаниясы Эйр Астанадан бөлініп шығады

flyarystan
Фото: flyarystan.com

Азаматтық авиация саласындағы бәсекелестікті дамыту аясында FlyArystan әуе компаниясы Эйр Астанадан бөлініп шығатын болды.

БҚДА Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Азаматтық авиация саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіткен.

«Бұның ішінде «QazaqAir» АҚ, «AirAstana» АҚ компаниясының 100% акциясын сату, жекешелендіру сәтіне дейін FlyArystan нарығының жеке субъектісі ретінде бөлу», делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар тиісті құқықтық актіні қабылдай отырып, «ашық аспан» режимінің қолданылу мерзімін 2028 жылға дейін ұзартылады. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық 13 халықаралық әуежайлары үшін осы режимді қамтамасыз етілмек.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымына мүше мемлекеттердің барлық шетелдік авиакомпанияларына әуежайлардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жиіліктерді шектемей әуежайларға жолаушылар ұшуларын орындау құқығы беріледі.