Жаңалықтар

Газ саласындағы монополист компанияға 78 млн теңге айыппұл салынды

Фото: shutterstock.com

Газ саласында монополис компанияға 78 млн теңге айыппұл салынып, газ бағасы төмендетілді деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Тексеріс нәтижесінде «APL Construction» ЖШС бекітілген тарифтік сметаның бұзып, орамішілік газбен жабдықтау желілеріне қосу ақысын қымбаттатқаны анықталған.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша газы тарифі 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілген. Сонымен қатар, 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілген.

Монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 78 млн.теңге айыппұл салынған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Еңбекшіқазақ және Панфилов ауданындағы 11 мың тұтынушының құқығы қорғалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында ауқатты қазақстандықтар үшін газ бағасын көтеруді ұсынған болатын.