АҚШ экономикасы 2022 жылдың төртінші тоқсанында 2,6% өскен

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

АҚШ Сауда департаментінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, АҚШ экономикасы 2022 жылдың төртінші тоқсанында 2,6%-ға өскен. Бұған дейін қазан-желтоқсан айларында АҚШ ЖІӨ-нің 2,7%-ға өскені туралы хабарланған болатын деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Америкалық қор индекстері бейсенбі күні кейінгі үш аптадағы ең жоғары индекске жеткен болатын.

«Банк секторының жағымсыз тосынсыйларынсыз бір күн нарықтарды көтеріп, инвесторлардың тәуекелге деген тәбетін қайтарды», Interactive Investor өкілі Ричард Хантер

Өткен аптада АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға алғашқы өтініштердің саны 7 мыңға өсіп, 198 мың адамға жеткен. Сарапшылар орташа есеппен 500-ға өседі деп күткен еді.

Бостонның Федералды резервтік банкінің басшысы Сюзан Коллинз бейсенбі күні мөлшерлеменің тағы 25 базистік пунктке көтерілуі мүмкін деп пайымдайды

«Мен ақша-несие саясатын аздап қатайтылады деп ойлаймын, сосын жыл соңына дейін сол деңгейде сақтайды», – деді.

Инвесторларға бұл жаңалықтар жағып, индекстер көтерілді.

Dow Jones Industrial Average 141,43 тармаққа (0,43%) көтеріліп, 32 859,03 тармақты құрады. Индекстегі өсімді Intel корпорациясының акциялары бастап тұр. Ол 1,5 пайыз өскен, Ал American Express Co. акциялары 0,7%-ға төмендеді.

Standard & Poor’s 500 23,02 тармаққа (0,57%) көтеріліп, 4050,83 тармаққа жетті. Бұған деййін ол үш апталық максимумын жаңартқан еді.

Nasdaq Composite 87,24 тармақты (0,73%) қосып, 12 013,47 тармаққа жетті. Бұған дейінгі сессияда индикатор 15 ақпаннан бастап ең жоғары деңгейге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз