Жаңалықтар

Nasdaq бір жарым ай ішіндегі рекордты көрсеткішіне жетті


Наурыздың 30-ы Америка құрама штатттарының (АҚШ) қор нарығы 0,4-0,7% аралығында ұлғайды. Barron’s басылымының жазуы бойынша, инвесторлардың барлық назары Федералдық сақтық қор жүйесі (ФСҚЖ) өкілдерінің айтқан сөздері мен экономикалық ақпаратта болды.

Технологиялық Nasdaq Composite индексі 0,7% – 12 013,47 пунктке дейін өсіп, 15 ақпаннан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бір тоқсан ішіндегі өсімі 15% құрады. Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,4% – 32 859,03 пунктке дейін өссе, ауқымды нарық индексі S&P 500 0,6% – 4 050,83 пунктке ұлғайды.

Бүгінгі күнде қор нарығы Федералдық сақтық қор жүйесі монетарлық саясатының бағытын жіті бақылауда. Базалық мөлшерлемелердің өсу-өспеуін бағалауға АҚШ ұлттық банкі өкілдерінің бірнеше сөзі әсер етті. Бірақ, инвесторлар олардың сөздерінен ақша-кредит саясатының қай бағытта жүретінін әлі түсіне алмады.

Томас Баркин әртүрлі сценарий болуы мүмкін деп болжаса, Сьюзан Коллинз мөлшерлеменің тағы бір рет өсуін қоштайтынын айтты. Ал Нил Кашкаридің ойынша, инфляция деңгейін төмендетуде Федералдық сақтық қор жүйесін ұзақ жол күтіп тұр.

Жұмыс істемейтін америкалық азаматтар ішінде жәрдемақыға берілген өтініштер саны өткен аптада 198 мыңға ұлғайыпты. Мұндай жаман жаңалық қор нарығы қатысушыларының көңілін керісінше көтере алды. Өйткені, еңбек нарығының әлсіздігі, инфляция өсімінің баяулауының белгісі.