Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелінетін болады, баға арзандай ма?

Жарияланды
ЕЭК Кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді бірауыздан қолдады

Қант өндіруге қажетті шиакізат елімізге бажсыз жеткізілетін болады. Еуразиялық Экономикалық Кеңес Қазақстан тарапының осындай ұсынысын қолдады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен хабарлады.

«Тарифтік жеңілдіктің арқасында отандық қант зауыттары өз қуаттылықтарын жүктеу үшін баж төлемей шикізат сатып алуға мүмкіндік алады, бұл сайып келгенде дайын өнімнің бағасына оң әсер етеді» делінген ақпаратта.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша, елімізде қант өнеркәсібін дамыту үшін ел ішінде өндірілетін шикізат жеткіліксіз, сондықтан үшінші елдерден шикі қантқа зәрулік бар.

«ЕЭК Кеңесінде бекітілген шикізатты бажсыз әкелуге арналған тарифтік квота осы жылдың алдағы 9 айына 350 мың тоннаны құрайды. Тараптар күзде осы мәселеге қайта оралуға және қажет болған жағдайда жаңа егінді ескере отырып, квота көлемін қайта қарауға уағдаласты» делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері қант зауыттарына шикізатты уақытылы сатып алу және ішкі нарықты тұрақты бағамен жеткілікті көлемде қамту үшін 18 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ оқыңыз