S&P 500 үш аптаның ішіндегі максимум көрсеткішіне жетті

Жарияланды (жаңартылды )

Наурыздың 29-ы Америка құрама штатттарының (АҚШ) қор нарығы 1-1,8%-ға ұлғайды. Инвесторлардың көңілі технологиялық компаниялар мен банк акцияларының өсіміне орай көтерілді деп MarketWatch хабарлайды.

Dow Jones өнеркәсіп индексі 1% – 32 717,6 пунктке дейін өссе, ауқымды нарық индексі S&P 500 1,4% – 4 027,81 пунктке ұлғайды. Бұл – биржалық индикатордың 6 наурыздан бергі ең жоғарғы көрсеткіші.

Технологиялық Nasdaq Composite индексі бір күннің ішінде бірден 1,8% – 11 926,24 пунктке дейін, ал тоқсан ішінде – 14%-ға дейін ұлғайды.

Технологиялық компаниялар мен банктердің құнды қағаздарының өсімі АҚШ қор нарығының қатысушыларының көңілін біршама көтере алды.

Айта кететін болсақ, микрочип өндіруші Micron Technology және Infineon Technologies компанияларының құнды қағаздары 7,2% бен 7%-ға өсті. Банк саласында жұмыс істейтін компаниялардың акцияларының өсуі инвесторлардың осы саладағы қорқынышының азайғандығын көрсете алады.

Сондай-ақ оқыңыз