Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша ең көп өтініш Түркістан облысынан түсті

Жарияланды

3 наурыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттыға жайлы өтініш қабылдау басталып, 34 мың адамнан арыз түскен. Оның 2670 адамның соттан тыс банкроттық ісі басталып кетті. Қалған 7 мыңнан астам адамның арызы қайтарылды. Бұл жайлы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Заң қабылдау 3 наурыздан бастап іске асырыла бастады. Сол күннен бері бізге 34 мыңға дейін бізге арыз түсті. Ең көп арыз түскен өңір – Түркістан облысы. Бұл аумақ 5400 арзымен бірінші орында тұр. Ал Алматы облысы бойынша – 4030, Алматы қаласы бойынша – 2877 арыз кеп түсті. Осы шағымдарды қарау электронды формата жүргізілп жатыр», деді вице-министр.


Жалпы арыз келіп түскен соң, оны қарау үшін 15 күн уақыт кетеді. 34 мың адамнан келіп түскен арызды тексеру министрліктің SMART BRIDGE платформасы арқылы жүргізілген. Тексеру жұмыстарын министрлік басқа мелекеттік органдармен бірлесе интеграция жасау арқылы жүргізген. Бүгінде 3-7 наурыз аралығында арыз берген азаматтардың өтініші қаралған. Яғни 10362 арыз бойынша қорытынды шығарылды.

«Нақты айтатын болсақ, 2670 адамның соттан тыс банкроттық ісі басталып кетті. Қалған 7 мыңнан астам адамның арызы қайтарылды. Себебі ол арыздар талаптарға сай келмейді» дейді министрлік өкілі.

Арызы қабылданбаған азаматтарға 1414 сервисі арқылы не себепті арыздары қабылданбағанына қатысты хабарлама жіберілген. Сонымен бірге арызы қабылданбаған азамттардың жылжымайтын мүлкі, жер учаскелері мен автокөліктері бар болып шыққан. Десе де, арызы қабылданбаған азаматтар үш айдан кейін қайтадан арыз бере алады. Халықтың қандай да бір сұрақтары болса әр өңірдегі бөлімшелерге барып, жауап ала алады. Жиын барысында бұл жағдайды өз мақсатына пайдаланып, «құжат рәсімдеуге көмек береміз» деп алдайтын алаяқтардың да бар екені айтылды. Сондықтан да барлық ақпаратты 1414 ресми сервисінен сұраған абзал.

Сондай-ақ оқыңыз