Жұмыскерлерге жалақысын бермейтін «ең сараң» өңір – Маңғыстау облысы

Жарияланды

Фото: Kursiv.media

Маңғыстау өңіріндегі кәсіпорындардың жұмыскерлер алдындағы қарызы 242 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және әлеуметті қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты брифингте мәлім болды.

«Жалақы бойынша берешектерді анықтау үшін апта сайын мониторинг жүргізіледі. Осы жылдың 24 наурызына дейін 73 кәсіпорынның 3900 жұмыскерге 1.4 млрд теңге жалақы бойынша берешегі бар екені анықталған. Оның ішінде ағымдағы және мерзімі өткен 31 кәсіпорынның 652 жұмыскердің алдында 652.4 млн теңге берешегі, 42 банкрот жариялау сатысындағы кәсіпорындарда 669 жұмыскердің 728 млн теңге берешегі барі» деді Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтікқорғау комитетінің төрағасы, Бас мемлекетікеңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Оның дерегінше, жалақы бойынша ең көп берешегі бар үш аймақ мыналар:
Маңғыстау өңірі – 242 млн;
Алматы облысы – 235 млн;
Абай облысы – 140 млн.

Осы жылдың басынан бастап,мемлекеттік инспекторлар Республиканың 241 кәсіпорнында 1.9 млрд теңгеге жуық берешек анықтап, кәсіпорын басшыларына 241 ұйғарым беріп, 31.6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бұл соманың 1.3 млрд теңгеден астамы төленді

Кәсіпорындардың жұмыскерлер алдында жалақы бойынша қарыз болмауы үшін бірқатар шаралар қабылданған. Енді, сот орындаушылары борышкердің шоттары мен мүлкіне тыйым салады және оның шетелге шығуын шектейді. Сот орындаушыларына 2022 жылы осы мәселелер бойынша 47 іс, ал осы жылы 14 іс берілген. Бұл жұмыстар Бас прокуратура, Еңбек, Қаржы және Әділет министрліктері бекіткен төртжақты бұйрық негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз