Былтыр Қазақстанға 28 млрд доллар шетелдік инвестиция құйылған

Жарияланды

 Фото: shutterstock.com

Қазақстанға тікелей тартылған шетелдік инвестиция ағыны кейінгі 10 жылда рекордтық мәнге жеткен. 2022 жылы инвестиция ағыны 28 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл кһрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға артық (23,8 млрд доллар), бола, кейінгі 10 жылдағы рекорд.

2022 жылы тартылған 28 млрд инвестицияның басым бөлігі Нидерландтан келген – 8,3 млрд доллар, АҚШ-тан – 5,1 млрд доллар, Швейцариядан – 2,8 млрд доллар, Бельгиядан – 1,6 млрд доллар, Ресейден – 1,5 млрд доллар, Оңтүстік Кореядан – 1,5 млрд доллар, Қытайдан – 1,4 млрд доллар, Франциядан – 770 млн доллар, Ұлыбританиядан – 661 млн доллар, Германиядан – 469,5 млн доллар көлемінде инвестиция түсті.

Сала бөлінісінде инвестициялардың ағыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар (25%-ға өсу), өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар (+2,7%), көтерме және бөлшек саудаға – 5,1 млрд доллар (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1,2 млрд доллар (2,2 есе), көлік және қоймалау – 1,2 млрд доллар (+13,5%) көлемінде тиесілі.

Шетелдік инвестицияның басым бөлігі Атыррау облысы және Алматы, Астана қаласына құйылған: Атырау облысына – 8,3 млрд доллар (өсім 48,3%), Алматы қаласына – 7,6 млрд доллар (+10,9%), Астана қаласына – 2,2 млрд доллар (+107,2%). Шығыс Қазақстан облысына – 2,2 млрд доллар (+3,1%), Ақтөбе облысына – 1,2 млрд доллар (11,2%-ға төмендеу) келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тарту жөніндегі тапсырма берген.

Сондай-ақ оқыңыз