Қара алтын қымбаттады

Жарияланды

Фото: Kursiv.media

ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқартатыны туралы мәлім еткен соң, мұнай бағасы бірден 8%-ға қымбаттады деп жазады Bloomberg. 3 сәуірге қараған түні мамыр айында жеткізілетін WTI фьючерстері барреліне 81 долларға дейін жетті. Ал, Лондон биржасындағы Brent фьючерсі барреліне 85 доллар болды.

Осы орайда америкалық Goldman Sachs инвестициялық банкі Brent мұнайының бағасына қатысты болжамын өзгертті. Жаңа болжамға сәйкес, 2023 жылдың желтолтоқсан айында аталған мұнай сұрпы барреліне 95 доллар, 2024 жылдың желтоқсан айында 100 доллар болуы ықтимал.

Bloombergтің жазуынша сала сарапшылары ОПЕК+ ұйымының әрекетіне баға беріп отыр.

«ОПЕК+ ұйымының баға қалыптастыруда билігі елеулі, олардың бүгінгі күтпеген қысқартуы алдын алу бойынша әрекет ету жөніндегі жаңа доктриналарына сай келеді», дейді сарапшылар.

Бұған дейін Қазақстан тарапы да мамыр айынан бастап, мұнай өндіруді қысқартатыны туралы мәлім еткен болатын.

Ақ үй әкімшілігі ОПЕК+ ұйымының бұл шешімін құптап отырған жоқ. АҚШ пікірінше, әлем экономикасына қолдау көрсету үшін, және Украинаға қарсы басқыншылық жасап отырған Ресей өкіметінің мұнай саудасынан пайда тауып, соғысты қаржыландыруына жол бермес үшін, қазіргі уақытта қара алтын бағасы арзан болуы тиіс.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі, «нарықтағы бұлыңғыр жағдайды ескере отырып, АҚШ тарапы мұнай өндіруді қысқарту орынсыз деген пікірде» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз