Путин Украинадағы соғысқа қатысушыларды қолдау қорын құру туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысушыларды қолдау үшін «Отан қорғаушылар» мемлекеттік қорын құру туралы жарлыққа қол қойды, бұл құжат Ресейдің құқықтық ақпарат порталында жарияланды, деп хабарлайды Риа Новости.

«Арнайы әскери операцияға қатысушылардың, басқа да тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің лайықты өмірі мен белсенді жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында, арнайы әскери оперция қатысушыларына арнап «Отан қорғаушылар» мемлекеттік қорын құруды дұрыс деп санаймын», делінген жарлық мәтінінде.

Мемлекеттік қолдау алатындар санатында 2014 жылдың 11 мамырынан бастап соғыс қимылдарына қатысып жатқан Донецк және Луганск елді мекендерінің де қарулы күштері мен әскери құрамаларының өкілдері де бар.

Қордың жоғары бақылау кеңесі және оның төрағасы – президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко, ал қордың төрайымы Анна Цивилева болса, қамқоршылық кеңесті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Антон Котяков басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз