Қазақстандағы арзан отын ұлттық мүддемізге зиянын тигізіп отыр – Ақшолақов

Жарияланды

Жанар-жағар май бағасының көрші елдермен айырмашылық мәселесі қолға алынбаса үлкен тапшылық тууы мүмкін. Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді.

«Одан басқа экономикалық саланы дамыту мүмкнідігінен айырылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді», деді министрлік ол.

Жанар май бағасын көтеру туралы Қаулы жобасы 3-сәуірде жарияланадыды. Оған сәйкес бензиннің шекті бағасы көрсетілген мөлшерлемеден аспайды, баға барлық жерде бірдей болады деп ескертті. Ал дизель отынына деген баға көтерілгеннің өзінде көрші елдердегі бағадан әлдеқайда төмен болады екен. Десе де, жоба күшіне енген соң, дүрбелең көтерілуі мүмкін. Бұл мәселенің алдын-алу үшін, яғни тапшылық болдырмау үшін үлкен компаниялармен күні бұрын келісіп қойғанын, бензин тапшылығы болмайтыны да айтылды.
Маман пікірінше, көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына тікелей әсер етеді. Елдегі отын тапшылығы көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, арта түседі екен. Яғни дизель өндіру көлемін қанша арттырса да, күз айларында қайта тапшылыққа кез боп жатады. Сондықтан да көрші елдермен айтарлықтай айырмашылық болмауы үшін, отын сұр схемамен шетелге өтіп кетпеуі үшін бағаны өсіру ең дұрыс шешім деп санайды. Өйткені, бағадағы айырмашылық биыл да сақталып отыр. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.

«Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өзінің ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар» дейді маман.


Бұл мәселені шешудің басқа да тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынған. Сонымен бірге ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданып, мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды.

«Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында тапшылықты азайту үшін сараланған баға 450 теңге және лимиттер 300 литрге дейін енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық», дейді Болат Ақшолақов.

Алайда бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса берген. Солайша ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермеген. Сонымен қатар жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.

Елдегі тапшылықтың алдын алу үшін төртінші мұнай өңдеу зауытын шамамен 6 жыл ішінде іске қосуды жоспарлап отыр екен. Яғни, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 12 млн-ға арттыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз