Субсидияланатын үш әуе бағыты бойынша конкурс жарияланды

Жарияланды

Азаматтық авиация комитеті субсидияланатын авиамаршрутқа арналған конкурс жариялады.

«Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2023 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршрут бойынша 2023 жылғы 5 сәуірде конкурс өткізу туралы жариялайды» , делінген ақпаратта.

Субсидияланатын үш бағыт:

  1. Астана – Павлодар – Астана, мамыр-желтоқсан аралығында әуе рейсі аптасына 4 рет қатынайды, билет құны 10 000 теңге, бөлінетін сома – 246 878 178 теңге, ұшақта кем дегенде 19 жолаушы тасымалдануы тиіс;
  2. Тараз – Атырау – Тараз, сәуір – желтоқсан аралығында аптасына 2 рет қатынайды, билет құны 25 000 теңге, бөлінетін сома 345 242 430;
  3. Көкшетау – Шымкент – Көкшетау, сәуір-желтоқсан аралығында аптасында 2 рет, билет құны 18 000, бөлінетін сома 286 091 392.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 4-сәуірге дейін қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз