1 шілдеден бастап Қазақстан электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшеді

Жарияланды
Продолжить работу над созданием единых энергетических рынков ЕАЭС призвал премьер-министр РФ Михаил Мишустин

Елімізде энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов мәлімдеді.
Айтуынша, жұмыстар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жүргізіледі.


«Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленеді. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі», – деді Ақшолақов.


Сондай-ақ ол электр энергетикасы нарығын дамытуға тоқталды.

«1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарланып отыр. Нарықтың жаңа моделі электр энергиясына орта мерзімді қажеттілікті жабу мақсатында генерацияны енгізу бойынша қажетті жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», – деід ол.

Қазір жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді.

«Қызылорда қаласында және Түркістан облысында жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттардың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Көкшетау және Семей қалаларында жаңа Жылу электр орталығын салу бойынша жобалар пысықталып жатыр», – деді Ақшолақов.

Екібастұз ГРЭС-2 №3-4 блоктарын салу, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр.
Бұдан басқа Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу жұмыстары да жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз