Биыл елімізде АӨК-де құны 536 млрд теңге болатын 291 инвестициялық жоба іске қосылады

Жарияланды

Елімізде жыл соңына дейін АӨК-де құны 536 млрд теңге болатын 291 инвестициялық жоба іске қосылады. Кәсіпорындар Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосады. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Президенттің тапсырмаларын іске асыру туралы айтты. Ол 2026 жылға дейін жалпы сомасы 2,6 трлн теңгеге 700 жаңа ауыл шаруашылығы кәсіпорнын ашу жоспарланғанын еске салды.

АШМ басшысының м.а. сүт, құс еті, көкөністерді импорттық алмастыру жөніндегі ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобалар АӨК субъектілерін одан әрі кредиттеу үшін облыс әкімдіктеріне жеңілдетілген қайтарымды бюджеттік кредит бөлуді көздейтін СҚО-ның табысты тәжірибесін тарату есебінен іске асырылатынын атап өтті. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін кредиттер жылдық 2,5% бен 10 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады.

Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жалғасып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін қосымша 135 мың тонна сақтау қуаты іске қосылады. Биылғы жылы 105 мың тоннаға 26 көкөніс қоймасын ашу жоспарланып отыр. Бұл республиканың көкөністер мен жемістерді сақтау объектілеріне жетіспейтін қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Биылғы жылдың басынан бастап тұрақтандыру қорларының жұмысы қайта форматталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілді.

«Тұрақтандыру қорлары бойынша жаңа тәсілдердің мәні фермерлерге күзгі және ерте көкөністерді белгіленген бағамен жеткізуге алдын ала төлем беру және маусымаралық кезеңде көкөніс тобының бағасының өсуіне реттеуші әсер ету болып табылады», – деп қосты министрдің міндетін атқарушы.

Арзандатылған астықты сату бойынша мемлекеттік қолдау тетігі жеке пысықталды, бұл тек ұн өнімдері бойынша ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларына астық пен жем беру арқылы мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев жыл соңына дейін астық қолхаттарын кредиттеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігімен қатты кепіл санатына қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл үшін АШМ Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен және Ұлттық банкпен бірлесіп, астық қолхаттарды кепіл ретінде енгізу критерийлері мәселесін пысықтап жатыр.

Сонымен бірге, биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде жемшөп дайындау және жылжымалы суару жүйелерін кейіннен фермерлерге лизингке беру үшін сатып алуды қаржыландыруға қосымша 20 млрд теңге алады. Жалпы, үш жыл ішінде бұл мақсатқа 79,4 млрд теңге бюджеттік инвестиция бағыттау жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін жылдық 2,5% – бен шағын несиелер берілетін болады.

Отбасылық шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін өз мүшелеріне өзіндік құны бойынша қызмет көрсететін және оларға азық-түлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сататын сервистік ауыл шаруашылығы кооперативтерін көзделіп отыр.

Айта кетейік, Amanat партиясының жанынан «Ауыл Аманаты» арнайы жобалық кеңсесі құрылды, ол АШМ-мен бірлесіп, ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасының сапалы іске асырылуын бақылап, қадағалайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз