Жаңалықтар

Елімізде шикізат өндіру қарқыны төмендеген

Фото: kursiv.media

Жоғары аудиторлық палата 2022 жылдың қорытындысын шығарды. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуға да талдау жасалған. Сол талдауға сенсек, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 1%-ға төмендеген.

Құжаттаға көрсеткіштерге сәйкес өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың есептік кезеңіне қарағанда қазіргі бағамен 1,1%-ға өсіп, 48 007,5 млрд теңгені құраған. Десе де, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 1%-ға төмендеген. Яғни металл кенін өндіру – 20,6%-ға, көмір өндіру – 0,7%-ға, сондай-ақ шикі мұнай мен табиғи газ өндіру – 1,9%-ға азайған. «Бұл ретте, қызмет көрсетудің тау-кен өндіру өнеркәсібінде 15,9%-ға, темірден басқа кен өндіруде – 4,7%-ға өскені байқалған. Өндіріс көлемінің ұлғаюы республиканың 13 өңірінде тіркелген. Олар негізінен құрамында алтыны бар және мыс кендерін, қорытпадағы алтынды және жекелеген азық-түлік өнімдерін өндірудің өсуі есебінен көтерілген.

«Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі Павлодар облысында (-0,5%) мыс концентраттарын, феррохромды, электр энергиясын өндірудің, Батыс Қазақстан облысында (-1%) – газ конденсатын өндірудің, Қарағанды облысында (-0,7%) – көмір, шойын, болат, мырышталған илек, электр энергиясын өндірудің, Қызылорда облысында (-1,8%) – шикі мұнай өндірудің, Атырау облысында (-2,1%) – шикі мұнай мен табиғи газ өндірудің, Қостанай облысында (-5,5%) – біріктірілмеген темір кендерін, теміркенді жентектерді өндірудің, Түркістан облысында (-6,3%) – уран және торий кендерін, тауарлық бетон өндірудің төмендеуі есебінен қалыптасты», делінген құжатта.