Мыс өндіретін Kazakhmys Copper-дің кірісі 10 есе қысқарған

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

«Қазақмыс» компаниясының еншілес кәсіпорны Kazakhmys Copper-дің 2022 жылғы таза кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 10,2 есе азайып, 18,07 млрд теңгені құрады. Бұл туралы компанияның KASE сайтында жарияланған қаржы есебінде жазылған.

Қаржы нәтижесі бойынша тау-кен өнеркәсібіндегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайдасы бір жыл бұрынғы 5,36 теңгемен салыстырғанда 0,52 теңгеге түсіп кеткен.

2022 жылдың соңында кіріс 19%-ға өсіп, 1,35 трлн теңгені құраған. Kazakhmys Copper қаржы есебіне сәйкес, ол Еуразиялық даму банкінен $300 000 мөлшерінде қосымша несие алуге келісімге келді .Сонымен бірге, топ Societe Generale Corporate & Investment Banking-тен қосымша қаржыландыруды күтіп отыр. Қаржы есебінде оның мөлшері 400 000 доллар деп көрсетілген.

Kazakhmys Copper-дің бас компаниясы – «Қазақмыстың» 100% акциясы голландиялық KCC B.V холдингіне тиесілі. Қаржы есебі бойынша, бас бенефициар – холдинг акциясының 70 пайызын иеленетін Владимир Ким. Қалғаны корпорацияның бұрынғы басқарма төрағасы Эдуард Огайға тиесілі.

Штаб-пәтері Алматыда орналасқан Kazakhmys Copper 2016 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі – мыс рудасын өндіру және өңдеу.

Сондай-ақ оқыңыз