Ұлттық қорда қанша қаражат бар?

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

Қаржы министрлігі Ұлттық қорда жинақталған қаражат көлемі, қорға түскен түсім мен алынған ақша жайлы есебін жариялады.

Есепті кезеңнің басындағы жағдайы бойынша, Ұлттық қорда 29,1 триллион теңгеден астам (29 176 508 444 000) қаражат болған. Ал 1 сәуірде 29,3 триллион теңгеге (29 391 788 468 000) жеткен. Осы уақыт аралығында қорға 1,1 триллион теңгеден астам кіріс түскен. Соның ішінде:

  • мұнай секторындағы ұйымдардан тікелей ұлттық қорға аударылатын салық- 1 трлн теңге
  • мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан – 800 млн теңге
  • республикалық меншікті жекешелендіруден – 218,9 млн теңге
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан – 7 945 000 теңге;
  • Қазақстан заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістерден 1. 2 млрд түскен.

Осы уақыт кезеңінде Ұлттық қордан 984 млрд теңге қаражат алынған. Соның 621 млрд теңгесі — кепілдік берілген трансферттерге, 360 млрд 620 млн — мақсатты трансферттерге, 2,4 млрд теңгесі — ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалған.

 16 наурызда Сенат депутаттары 2023-2025 жж арналған бюджет кодексін қабылдаған. Соған сәйкес, Ұлттық қордан бөлінетін 800 млрд теңге ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін жұмсалады..

Бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордағы қаражатты үнемдеуге шақырған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз